Каспий теңізінің деңгейі тұрақталады
Ресей Ғылым академиясы Су проблемалары институтының аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, доктор Михаил Болгов Каспий теңізінің болашағы туралы болжам айтты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Ғалымның айтуынша, Каспий болашақта жоғалып кетпейді. 20 жыл ішінде едәуір тартылған теңіздің жағдай алдағы уақытта тұрақталады деп болжанады.
"Каспий теңізі соңғы 20 жылда бірқалыпты төмендеді. Ал, қазір тепе-теңдік деңгейіне жетті. Бұл қалпы кейде өзгеруі де мүмкін. Бірақ 30 метрге дейін төмендемейді. Болашақта Каспий теңізі сақталады. 1995 жылы теңіздің деңгейі 26,5 метр болды.Бұл - ең жоғарғы көрсеткіш. Қазіргі уақытта деңгей −29,3 метрді құрайды. Климаттық жағдайларды ескере отырып, алдағы жылдары теңіз деңгейі тұрақталуы мүмкін деп отырмыз ", – деді Болгов РИА.
Ол болжамның ауытқу амплитудасы едәуір екенін де атап өтті.
Каспий теңізінің деңгейі 1990 жылдардың ортасынан бері төмендеп келеді. Ал 2025 жылы теңіз тарихи минимумға жетіп, 29 метрден төмен түсті.
2025 жылғы 12 желтоқсанда Ашхабад форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің жағдайына назар аударып, оны сақтау үшін бүкіл халықаралық қауымдастықты қолдауға шақырды.