Otpan News Logo

Медициналық ұйым басшыларымен Конституция жобасын талқылау жөнінде жұмыс кездесуі өтті

Медициналық ұйым басшыларымен Конституция жобасын талқылау жөнінде жұмыс кездесуі өтті

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасында ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістерді талқылау жөніндежұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға облыстық медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері қатысты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жиынға Маңғыстау облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов, «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова қатысып, заңнамаға енгізілетін өзгерістер бойынша баяндама жасады. Олар Конституцияға енгізілетін реформалардың мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, денсаулық сақтау саласына тигізетін ықпалы мен маңызын ортаға салды. 


Спикерлер өз сөзінде Конституциялық реформалардың ел дамуының маңыздылығына, азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтудағы рөліне тоқталды.


Сонымен қатар, жиын барысында денсаулық сақтау саласындағы басқару жүйесін жетілдіру, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен сөз болды.


Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, Конституциялық өзгерістерді медициналық ұйымдарда тиімді іске асыру жолдары талқыланды.


Жаңа Конституцияның негізгі арқауы – білім мен ғылым, мәдениет пен инновация. Адам құқықтары, яғни әйел мен еркектің теңдігі жаңа Конституцияның басты ұғымдарының бірі болып отыр. Құқықтық нормалар, адам бостандығы және тіл мәселесін шешудің оңтайлы жолы осы Конституцияда қарастырылған. Бір палаталы басқару жүйесі де біз үшін маңызды өзгерістер әкелетіні сөзсіз. Заңның шамамен 84 пайызы өзгертіліп жатыр деп айтуға болады. Менің ойымша, бұл – қолдауға тұрарлық өзгеріс, – деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Әшімқызы.
53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!