Otpan News Logo

Маусым айында Ақтау – Үрімші бағытында рейс ашылады

|
26.02.2026 12:03
Маусым айында Ақтау – Үрімші бағытында рейс ашылады

Биыл маусым айында Ақтау-Үрімші (Қытай) бағытында рейс ашылады. Халықаралық әуе рейсін FlyArystan компаниясы жүзеге асырады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 


Министрлік еліміз халықаралық әуе қатынасын кезең-кезеңімен дамытуды биыл да жалғастыратынын атап өтті. Алдағы уақытта Азия, Таяу Шығыс және Еуропа елдерін қамтиын бірқатар жаңа бағытты ашу және қайта жаңалау жоспарланған. Ұшу аумағын кеңейтуді отандық әуе компаниялар және шетелдік тасымалдаушылар іске асырады.


SCAT әуекомпаниясы Шымкент қаласынан келесі рейстерді бастайды:

Бішкек (Қырғызстан) –29 наурыздан;

Новосібір (Ресей) -19 мамырдан;

Санкт Петербург (Ресей) -1 маусымнан;

Тель-Авив (Израиль) – 9 маусымнан.

 

Air Astana халықаралық желісін келесі бағыттармен кеңейтеді:

Алматы – Шанхай (Қытай) – 29 наурыздан;

Астана – Гуанчжоу (Қытай) – 2 маусымнан;

Алматы – Ларнака (Кипр) – 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін (маусымдық);

Астана – Ларнака (Кипр) – 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін (маусымдық);

Алматы – Даламан (Түркия) – көктемгі-жазғы навигация кезеңінде;

Алматы – Салала (Иордания) – 9 наурыздан;

Астана – Салала (Иордания) – 9 наурыздан.

Сонымен қатар, 2026 жылы Алматы – Токио (Жапония) бағытын ашу мүмкіндігі қарастырылуда.


FlyArystan келесі рейстерді іске қосады:

Алматы – Самарқанд (Өзбекстан) – 17 наурыздан;

Алматы – Сиань (Қытай) – маусым айында (слоттарды келісу күтілуде);

Ақтау – Үрімші (Қытай) – маусым айында.


Сондай-ақ Алматы – Эр-Рияд (Сауд Арабиясы) бағытын ашу жоспарлануда.

Шетелдік тасымалдаушылар арасында LOT Polish Airlines Алматы – Варшава рейсін 31 мамырдан ашады, Air Arabia Dammam Алматы – Даммам (Сауд Арабиясы) рейсін іске қосуды жоспарлап отыр. Royal Jordanian Алматы – Амман (Иордания) рейсін орындау мүмкіндігін қарастыруда.


- Жаңа маршруттар сауда-экономикалық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ алдағы уақытта Қазақстанның жаһандық көлік жүйесіне ықпалдасуына әсерін тигізеді деп күтіледі, - деді Көлік министрлігі.

53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!