Otpan News Logo

Маңғыстау дәрігер тапшылығы жоғары өңірлер қатарында

Маңғыстау дәрігер тапшылығы жоғары өңірлер қатарында
Depositphotos.com

Қазақстанда медицина саласындағы кадр жетіспеушілігі әлі де толық шешілген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елде шамамен 3,9 мың дәрігер жетіспейді. Дегенмен бұл көрсеткіш екі жыл бұрынғы деңгейден төмен, деп хабарлайды otpannews.kz.


Өңірлер арасында дәрігер тапшылығы ең көп тіркелген аймақтардың бірі – Маңғыстау облысы. Қазіргі таңда өңірде 270-тен астам бос дәрігерлік қызмет орны бар. Бұл көрсеткіш бойынша Маңғыстау елдегі алғашқы үштікке енеді.


Саладағы кадр тапшылығын азайту үшін соңғы жылдары жас мамандарды өңірлерге тарту жұмыстары күшейтілген. 2023-2025 жылдары еліміз бойынша алты мыңнан астам жас дәрігер мен медицина қызметкері жұмысқа орналасқан. Олардың басым бөлігі қалаларда еңбек жолын бастағанымен, мыңнан астам маман ауылдық елді мекендерді таңдаған.


Ауылға барған жастарға мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетіледі. Олардың қатарында тұрғын үймен қамтамасыз ету, көтерме жәрдемақы төлеу және жеңілдетілген несие беру шаралары бар. Сонымен бірге жергілікті әкімдіктер де қосымша әлеуметтік көмек ұсынып келеді.


Медицина мамандарын ауылдық жерлерге ынталандыру үшін жаңа қолдау тетіктері енгізілген. Енді сұраныс жоғары мамандық иелері ауылда кемінде бес жыл жұмыс істесе, қомақты көлемде біржолғы төлем ала алады.


Соңғы жылдары медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен құқықтық қорғалуын күшейтуге де басымдық берілуде. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру жүйесі іске қосылып, қызметтік міндетін атқарып жүрген дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне қарсы күш қолданғандарға жауапкершілік күшейтілді.


Мамандардың айтуынша, қабылданып жатқан шаралар алдағы жылдары медицина саласындағы кадр тапшылығын біртіндеп азайтуға мүмкіндік береді.

4
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!