Otpan News Logo

Маңғыстаулық шабандоз аламан бәйгеде топ жарды

|
17.05.2026 15:17
Маңғыстаулық шабандоз аламан бәйгеде топ жарды

Исатай Тайманұлының туғанына 235 жыл толуына орай Атырау облысындағы батыр есімімен аталатын Исатай ауданыда ұлттық рухты дәріптеген кең ауқымды аламан бәйге өтті. Дүбірлі дода ел рухын көтеріп, қазақтың қанына сіңген ат спортының мәртебесін тағы бір асқақтатты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Ауқымды іс-шараға батыс өңірінің төрт облысынан және жеті ауданнан жиналған сәйгүліктер мен шабандоздар қатысты.


Дүбірлі жарыста Маңғыстау облысынан келген Бимырзаевтар әулетінің «Ақсұңқар» атты сәйгүлігі топ бәйгеде дара шықты. Тұлпардың бабын келістірген бапкер – Темірлан Ыбырайым. Ал тізгін ұстаған шабандоз Дулат Жамаш мәреге өзгелерден оза келіп, І орынды иеленді. Сонымен қатар аламан бәйгеде де бақ сынап,  ІІІ орын иеленді.


Жүйріктің бағы жанған жарыста жеңімпаз топ бәйгеден 1 миллион теңге ақшалай сыйлық иеленсе, аламан бәйгеде 700 мың теңге ақшалай сыйақыны қанжығасына байлады. Әрине бұл жеңіс тек бір әулеттің емес, ұлттық спортқа жанашыр барша азаматтың мерейін үстем етті.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!