Otpan News Logo

Джеки Чан Қазақстанда киноға түседі

|
17.05.2026 11:25
Джеки Чан Қазақстанда киноға түседі

Әлем бойынша миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулаған аты аңызға айналған «Доспехи Бога» франшизасының көптен күткен жалғасы түсірілмек. Бұл жолы шытырман оқиғалар Қазақстанда болады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Salem entertainment хабарлағандай, Орталық Азия киноиндустриясы үшін мұндай танымал жобаның елімізге келуі – шын мәніндегі тарихи оқиға. 


“Бұл – Қазақстанның халықаралық кино түсіру алаңы ретіндегі әлеуетін мойындау ғана емес, сонымен қатар елімізді әлемдік кино аренасында кеңінен таныту жолындағы маңызды қадам. Жобаны жүзеге асыру отандық киноиндустрияны дамытуға және ірі халықаралық жобаларды тартуға белсенді қолдау көрсетіп отырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің көмегімен мүмкін болды”-, делінген медиакомпанияның мәліметінде. 
53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!