Otpan News Logo

Маңғыстауда «Tour de Bozjyra - 2026» халықаралық велошеруі басталды

|
17.05.2026 12:14
Маңғыстауда «Tour de Bozjyra - 2026» халықаралық велошеруі басталды

Маңғыстау облысында дәстүрлі «Tour de Bozjyra Vol.4: Under The Ocean» ауқымды веложарысы басталды. Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған спорттық-туристік іс-шара биыл да еліміздің әр өңірінен келген велоспортшыларды бір алаңға жинады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сай, биылғы жарысқа 120-дан астам әуесқой және кәсіби велошабандоз қатысуда. Қатысушылар Жаңаөзен қаласынан старт алып, Маңғыстаудың ең көрікті табиғи орындарының бірі Бозжыра шатқалына бағыт алды.


Велошерудің негізгі бағыты 150 шақырымды құрайды. Маршрут бойында қатысушыларға арналған арнайы пит-стоп аймақтары ұйымдастырылып, медициналық және техникалық қолдау көрсетілуде.


Ауқымды іс-шараның басты ерекшелігі - спорт пен туризмді ұштастыра отырып, Маңғыстаудың табиғи әлеуетін насихаттау. Қатысушылар сапар барысында өңірдің ерекше ландшафттарын тамашалап қана қоймай, күрделі маршрутта өз төзімділіктерін сынайды.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, веложарыс жыл сайын өңірдегі ең ірі спорттық-туристік жобалардың біріне айналып келеді. Биылғы бағдарлама аясында Бозжыра баурайында арнайы кэмп ұйымдастырылып, қатысушыларға арналған мәдени-танымдық және ойын-сауық бағдарламалар ұсынылады.

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!