Otpan News Logo

Маңғыстаулық екі оқушы Республикалық балалар өкілдігі кеңесінің мүшесі атанды

|
06.02.2026 09:44
Маңғыстаулық екі оқушы Республикалық балалар өкілдігі кеңесінің мүшесі атанды

Елімізде мектеп парламенттері мен балалар қозғалысы көшбасшылары арасында балалар омбудсмендерін сайлау өтті. Нәтижесінде Қазақстанның барлық өңірінен іріктелген 40 жас белсенді Республикалық балалар өкілдігі кеңесінің құрамына енді. Олардың қатарында Маңғыстау облысының намысын қорғайтын екі оқушы бар, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Биылғы сайлау қорытындысы бойынша, әр аудан мен қаладан үміткер болған 7 балалар омбудсменінің ішінен ең үздік деп танылған екі оқушы тағайындалды. Олар – Мұнайлы ауданы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 мектептің 10-сынып оқушысы Хыдыргельди Нұрмұхан Серикбайұлы мен Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының 10-сынып оқушысы Елеусізова Жансая Төлегенқызы. 


Жас омбудсмендер — бала мен мемлекет арасындағы алтын көпір. Олардың негізгі миссиясы – оқушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін республикалық деңгейде қорғау. Сондай-ақ қатарластарының арасындағы өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал жасау, балалардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын қамтамасыз ету.


“Балалар өкілдігі институты 2020 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде бұл жүйе елімізде балалардың құқықтарын қорғаудың маңызды және тиімді тетігіне айналды",- дейді мамандар.


Енді маңғыстаулық жас өкілдер облыс оқушыларының үнін биік мінберлерден жеткізіп, маңызды бастамаларға мұрындық болмақ.

65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!