Маңғыстаулық боксшы ел чемпионатының финалына шықты

Ашық дереккөзден
Маңғыстау облысының боксшысы Санатәлі Төлтаев Семей қаласында өтіп жатқан ҚР чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Ол жартылай финалда Қостанай облысының өкілі Әбдіғалым Әбдікерімнен басым түсті. Енді жерлесіміз финалда Алматы облысының өкілі Ертуған Зейнулиновпен кездеседі. Бұл жекпе-жек чемпионаттың ең қызықты айқастарының бірі болмақ.
Айта кетейік, Санатәлі Төлтаев Маңғыстау облысы құрамасынан 2025 жылғы ел чемпионатында жүлдеге іліккен жалғыз боксшы.
Біріншіліктің финалдық кездесулері 21 қазан күні өтеді. Санатәлі Төлтаев өткен жылы Қарағандыда өткен біріншіліктің финалына дейін жеткен еді.
71

Комментарии
Комментарии
Нет комментариев