Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтаудағы жедел жәрдем стансасының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

|
21.10.2025 09:15
Ақтаудағы жедел жәрдем стансасының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Елімізде соңғы үш жылда 600-ден астам медициналық нысан салынды. Биыл жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында көпбейінді аурухананың, Өскемен қаласында Гематология орталығының және Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласында жедел жәрдем стансасының құрылысын аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмалары шеңберінде Үкімет, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту және денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.


Елімізде медициналық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Ауруханалар, емханалар мен фельдшерлік-акушерлік пунктілер салынып, жаңартылып жатыр. Соңғы үш жылда 633 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді, 


«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында бүгінде 601 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынды. Биыл тағы 54 нысан құрылысын аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар 32 аудандық аурухананы көпбейінді орталық аудандық аурухана деңгейіне дейін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Соның ішінде Ұлттық жоба басталғалы Қарағанды облысының Теміртау және Балқаш қалаларындағы, Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы орталық ауруханалар, Абай облысының Үржар аудандық орталық ауруханасы, сондай-ақ Жамбыл облысындағы Шу, Меркі және Талас аудандық орталық ауруханалары мен Маңғыстау облысындағы Бейнеу аудандық орталық ауруханасы – барлығы сегіз аурухана көпбейінді етіп қайта ұйымдастырылды,- деп жазды primeminister.kz сайты.
74
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!