Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Каспий арқылы өтетін оптикалық кабельдің үлгісі әзірленіп жатыр

Каспий арқылы өтетін оптикалық кабельдің үлгісі әзірленіп жатыр

Каспий арқылы өтетін оптикалық кабельдің үлгісі әзірленіп жатыр. Бұл туралы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бағдат Мусин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды otpannews.kz.


2025 жылы Каспий түбімен оптикалық кабель төсеуге бағытталған стратегиялық жобаны іске асырып бастадық. Бас мердігер таңдалды, ол қытайлық ірі компания. Қазақстан мен Әзірбайжан тарапынан теңіз зерттеулері де аяқталды. Кабельдің жобалық үлгісі әзірленіп, зауытта сынақтар жүргізіліп жатыр. Тиісті құрал-жабдықтар сатып алынды, — деді Бағдат Мусин.


Оның айтуынша, кабельді төсеу жұмыстары 2026 жылдың жазында аяқталуы тиіс.


Жақында зауытта кабельді құрастыру басталады. Келесі жылдың мамыр айына дейін кабель Каспий теңізіне дейін жеткізіледі. Төсеу жұмыстарын жаздың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деді Бағдат Мусин.
66
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!