Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Әлемдегі ақылы жолдардың айырмашылығы қандай?

|
21.10.2025 10:00
Әлемдегі ақылы жолдардың айырмашылығы қандай?
gov.kz

Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы ұзындығы 4 883 шақырымды құрайтын 26 ақылы жол бар, оның ішінде жалпы ұзындығы 2 231 шақырымды құрайтын 1-техникалық санаттағы 12 жол, ал 2 жіне 3-санаттағы жалпы ұзындығы 2 652 шақырымды құрайтын 14 жол бар. Дүние жүзінде 140 000 шақырымнан астам ақылы жол бар. Ал олардың айырмашылығы – тарифтерге байланысты. Оның бағасы көлік түріне, техникалық санатқа және жолдың меншік түріне, қашықтыққа сондай-ақ басқа да факторларға байланысты, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Түрлі елдердегі ақылы жолдар төлем жүйесі ретінде жедел жолдарда, туннельдерде немесе көпірлерде жүру үшін пайдаланылады. Дегенмен төлем жүйесі әртүрлі: бір елдерде төлемақы арнайы пункттерде жүргізіледі (Франция, Италия, Хорватия), ал кей елдер электронды жүйені пайдаланады (Португалия, Чехия). Мысалы, Германия тек белгілі бір жүк көліктері мен кейбір қала аймақтарына кіру үшін ақы алады, ал Ұлыбритания мен Норвегияда ақы негізінен көпірлер мен туннельдер үшін қарастырылған.


Германияда, Польшада, Нидерландыда және басқа елдерде жеңіл автомобильдер үшін тегін жолдар қарастырырылған ал АҚШ пен Аргентинада ақылы жолдардың саны көп. Оңтүстік Кореяда жолдардың 30%-ы – ақылы, ал жекеменшік ақылы жолдар Оңтүстік Африкада бар.


АҚШ-тағы алғашқы «turnpike» (ақылы жолдардың американдық атауы) 80 жыл бұрын пайда болса, көршілес Ресейде бұл құбылыс 2010 жылдан кейін ғана кең етек алды. Осыған қарамастан, ресейлік жолдар қазір әлемдегі ең қымбат жолдардың қатарында.


Құрама Штаттардағы ең қымбат тас жол – 27 шақырымдық 17 Mile Drive (бір километрге 34 цент). Ресейде кейбір жолдардағы ақы километрге 50 рубльге дейін жетеді. Жапонияда жер тапшылығына байланысты жол ақысы да айтарлықтай жоғары. Мысалы, Токиодан Нагояға дейін (325,5 км) тас жолда жүру – 7100 иен немесе 65,6 еуро тұрады. Қытайда жол ақысының ең жоғары құны километріне – 2 юань. Францияда орташа есеппен километрге 0,05-0,1 еуроны құрайды. Ұзындығына байланысты ең қымбат жол – Ментон-Париж, құны – 175,30 еуро.


Жолақы бағасы бойынша ТОП жолдар тізімі:


Монблан туннелі

Туннель Франция мен Италия арасындағы Монблан астынан өтеді. Бұл – Альпідегі ең маңызды жолдардың бірі. Жол ақысы көліктің түрі мен көлеміне байланысты. Мотоциклшілер үшін ең төменгі төлем шамамен $35 құрайды. Бүкіл жолды алып жатқан үлкен жүк көлігін басқаратындар үшін ең жоғары төлем шамамен $1,067.


Конфедерация көпірі

Канададағы бұл көпір ханзада Эдвард аралы мен материктегі Нью-Брансуикті байланыстырады. Ұзындығы 12,9 км, бұл – мұз үстіне салынған әлемдегі ең ұзын көпір. Мотоциклшілер үшін ең төменгі жол ақысы – 20 доллар. Көлік жүргізушілеріне – 50,25 доллардан бастап. Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер де жол ақысын төлейді. Жаяу жүру – $4,75, ал велосипедпен жүру $9,50 тұрады. Тіркелген багаж үшін қосымша ақы қажет.


Жапониядағы Акаши Кайкё аспалы көпірі

Бұл көпірдің құрылысына шамамен 500 миллиард иен жұмслған. Сол себепті де жолақы – жоғары, шамамен – $29.


Верразано-Нарроус көпірі

Тағы бір ақылы аспалы көпір Америка Құрама Штаттарында орналасқан, ол Нью-Йорк қаласының аудандарын байланыстырады. Оның ерекшелігі – екі қабатты құрылымы, әр палубада алты қозғалыс жолағы бар. Жол ақысы – 17 доллар.


Жол құрылысының құны мен жол ақысының мөлшерлемесі әрқашан тікелей байланысты бола бермейді. Негізгі факторларға жолдың орналасқан жері, инвестор және келісім түрі (концессия немесе оператор) жатады. Баға қою саястын инвесторлар өздері қоятын болғандықтан ең қымбат ақылы жолдар – жеке инвесторлардың қаражатымен салынатын жолдар.

64
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!