Otpan News Logo

Маңғыстауда заманауи жылыжай кешені салынады

|
26.02.2026 12:08
Маңғыстауда заманауи жылыжай кешені салынады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Alatau Green Production» ЖШС құрылтайшыларымен кездесіп, өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаны талқылады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Жоба аясында Маңғыстау аумағында жалпы ауданы 6 гектарды құрайтын заманауи жылыжай кешенін салу жоспарланған. Кешенде қызанақ, қияр, бұрыш, баклажан, редис пен салат жапырақтарының түрлері өсірілмек. Сондай-ақ көкөністерді ұзақ уақыт сақтау қоймасы мен жеміс-жидектерге арналған салқындатқыш қоймалар салынады. 


– Жобаға заң аясында тиісті қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде жобаны сапалы әрі тиімді жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар, – деді Нұрдәулет Қилыбай.


Жобаның жүзеге асырылуы аймақ үшін бірнеше маңызды мәселені шешуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жергілікті өндіріс есебінен логистикалық шығындар азайып, өнім бағасы арзандайды. Нәтижесінде - баға тұрақтайды. Сондай-ақ тұрғындар жыл бойы балғын әрі экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіледі. Өңірдің сырттан келетін көкөністерге тәуелділігі төмендеп, жаңа өндіріс орнының ашылуы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға септігін тигізбек.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!