Маңғыстауда үкіметтік емес ұйым өкілдері референдумда дауыс береді
Маңғыстауда үкіметтік емес ұйым өкілдері референдумда дауыс береді
Маңғыстауда дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Quiz зияткерлік ойыны өтті.
- Зияткерлік сайысқа облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерінен құралған 10 команда қатысты. Қатысушылар азаматтық қоғам, мемлекеттік саясат, өңірлік даму, тарих пен мәдениет тақырыптарын қамтыған бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Сондай-ақ, Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары, оның азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне әсері кеңінен талқыланды. Жалпы дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні жыл сайын азаматтық қоғамның рөлін арттыру және ҮЕҰ қызметінің маңызын насихаттау мақсатында аталып өтеді, - деді «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жібек Ахметова.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан командалар марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Үкіметтік емес ұйым өкілдері алдағы 15 наурызда өтетін референдумға қатысып, өз таңдауларын жасайды.