Otpan News Logo

Маңғыстауда Рахмет Аяпбергенұлының «Таңдамалы шығармалар» кітабы жарық көрді

|
10.02.2026 16:18
Маңғыстауда Рахмет Аяпбергенұлының «Таңдамалы шығармалар» кітабы жарық көрді

Yessenov University ұжымы ұйымдастырған  ақын, әдебиеттанушы, филолог ғылымдарының кандидаты, жоғары білім саласының ардагері Рахмет Аяпбергенұлының «Таңдамалы шығармалар» кітабының тұсаукесері өтті деп хабарлайды otpannews.kz сайты.

Жаңа кітаптың тұсауын  Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Көшбағамбетов, Қазақстанның құрметті азаматы Темір Мыңжас қиды. Рахмет Аяпбергенұлының жарқын бейнесін жаңғыртқан бейнеролик көрермен назарына ұсынылып, көпшілікке кітаптар таратылды. Бұған дейін «Шоқтораңғыл», «Парасат әлеміне саяхат», «Өмір – өлең», «Алдаспан ақын» атты кітаптары жарық көрген.

Жаңа кітапты құрастырушы, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т. Айбергенов сыйлығының лауреаты Өмірзақ Ахмет Жұмағалиұлы өз баяндамасын жасады.

«Таңдамалы шығармалар арқылы біз ағамыздың көзі тірісінде атқарған еңбегін, рухани мұрасын оқырманға ұсынуды мақсат еттік. Бұл жинақты Маңғыстау өлкесіне арналған туындылардың біртұтас шежіресі деуге болады. Өркендеп өскен, елінің игілігі жолында еңбек еткен ағамызды еске ала отырып, қолға алынып жатқан жұмыстарымызға құт-береке тілейміз. Аманшылық болса, алдағы уақытта 80 жылдығына да арнайы есеп кітабын жарыққа шығару жоспарымызда бар» - деді ол.

Кеш соңында бірге өткізген жарқын сәттер мен жүрекке жылы естеліктерге тоқтала отырып, жиынды Yessenov University президенті Ахметов Берік Бақытжанұлы қорытындылады.


196
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!