Otpan News Logo

Маңғыстауда қызылша ауруы бойынша эпидахуал - тұрақсыз

Маңғыстауда қызылша ауруы бойынша эпидахуал - тұрақсыз
ашық дереккөзден алынған

Бүгінгі күні қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақсыз болып отыр. Көрсеткіш 1,6 есеге өсіп, әсіресе балалар арасында қауіп жоғарылады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.

 

Санитариялық-эипидемиялогиялық департаменттің мәліметінше, жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін облыста қызылшаның 131 күдікті жағдайы тіркеліп, 71 жағдайы зертханалық түрде дәлелденді. Аурушаңдық көрсеткіші 1,6 есеге өскен.

 

-          Қызылша - дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын вирустық табиғатты жіті жұқпалы ауру. Ауру асқынып, дер кезінде медициналық көмекке жүгінбесе және қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Бұр дертті емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ. Оның алдын алу жолы – вакцинация ғана, - дейді мамандар.

 

Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін 5 қаңтардан бастап облыста қосымша вакцинация науқаны басталды. Енді 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі сәбилерге, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі егілмеген балаларға қызылшаға қарсы (ҚҚП) екпе салу жүріп жатыр.

 

Мамандар егер бала вакцина алмаған болса, қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алуға, ойын-сауық орталықтары мен адам көп шоғырланатын жерге шектеу қоюға және ауру симптомын байқаған бойда дәрігер көмегіне жүгінуге шақырады.


80
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!