Otpan News Logo

Маңғыстауда есірткі сататын Telegram-дүкендердің 670 сілтемесі бұғатталды

Маңғыстауда есірткі сататын Telegram-дүкендердің 670 сілтемесі бұғатталды

OTPANNEWS.KZ - Маңғыстау облысында жыл басынан бері есірткі қылмыстарының алдын алу, заңсыз айналымға қарсы күрес және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында 490 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. 


Маңғыстау облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Қайнар Толысбаевтың айтуынша, есірткі қылмыстарының алдын алу бағытында мемлекеттік мекемелермен, білім беру ұйымдарымен және волонтерлермен бірлескен жұмыстар жалғасады. Әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, профилактикалық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға басымдық беріледі.


«Интернет кеңістігін бақылау барысында «Кибербақылау» жүйесі арқылы есірткі сатуға және жарнамалауға қатысты Telegram-дүкендердің 670 сілтемесі бұғатталды. Сонымен қатар жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, спорттық және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға басымдық беріліп отыр. Біздің мақсатымыз – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткісіз қоғам қалыптастыруға үлес қосу. Есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Бұл ретте профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғаммен өзара байланысты нығайтуға басымдық беріледі. Осы мақсатта «Esirtkisiz-Mangystau» Telegram-арнасы мен 8-700-877-01-02 жедел желісі жұмыс істейді. Азаматтар аталған байланыс арналары арқылы есірткіге қатысты ақпаратты анонимді түрде жолдай алады», - деді Қайнар Толысбаев.
49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!