Маңғыстауда елордалық кардиохирургтер жүрек ақауы бар балаларды қабылдап жатыр
Бүгін Астана қаласынан келген кардиохирург пен кардиолог Ақтау қаласындағы облыстық балалар ауруханасында балаларды қабылдауда. 26–27 ақпанда мамандар Жаңаөзен мен Бейнеу ауылына барып, халыққа медициналық кеңес береді, деп хабарлайды Otpannews.kz.
Балалар кардиохирургі Бауыржан Тұяқбаев Маңғыстау өңіріне 12-рет келіп отыр. Оның айтуынша, осындай тексерулерден кейін жыл сайын орта есеппен 170–180 бала ота жасау үшін Астана мен Алматы қалаларына жіберіледі. Бірнеше күн ішінде дәрігерлер облыстың қала-аудандарынан келген мыңға жуық баланы қарап шықты. Жыл сайын Қазақстан бойынша шамамен осынша бала жүрегіне операция жасатады. Оның 600-іне ашық жүрекке ота жасалса, 200-ден астамына кеуде қуысын толық ашпайтын, жеңіл әдіс қолданылады.
«Бұл операциялар кеуде қуысын ашуды немесе сүйектерді зақымдауды қажет етпейді. Тыртықтың ұзындығы небәрі 3-4 сантиметр. Бала тез жазылып кетеді және көп ұзамай спортпен айналыса алады. Бұл операция түрі жоғары мамандандырылған болып саналады, себебі оны әрбір хирург жасай алмайды - ол үшін үлкен тәжірибе қажет. Бұрын бұл минималды инвазивті әдіс жүрек ақауының тек бір түрін емдейтін, ал қазір біздің дәрігерлеріміз жеті түрге дейін кеңейді. Біз бұл операцияларды жүрек ақауы бар науқастардың 80 пайызына жасауды жоспарлап отырмыз», - дейді дәрігер.
Дәрігердің ең кішкентай пациенті небәрі 700 грамм салмақта болған. Шала туған нәрестеге көмек көрсету үшін мамандар Көкшетау қаласына санавиация арқылы барған.
Маңғыстау өңірінде балалар кардиологтары тапшы. Ақтауда бар болғаны төрт маман жұмыс істейді. Балаларға ота жасайтын кардиохирургтер негізінен ересектерге маманданғанымен, балаларға операция жасауға арнайы рұқсаттары бар.
«Қазіргі уақытта медицина жүрек ақауларының 50-ден астам түрін біледі. Бірақ кейде ата-аналар диагнозды білмейді де. Бұл дәл біз бүгін жүргізетін консультациялар кезінде анықталады. Сонымен қатар, біз бұрыннан ота жасалған, кейде бірнеше, сондай-ақ әлі ота жасалмаған балаларды көреміз. Орташа есеппен Қазақстанда жыл сайын жүрек ақауы бар 5000-ға жуық бала дүниеге келеді. Олардың 3000-ы бір жасқа толмай жатып ота жасайды, ал қалғандарына 5-7 жыл ішінде ота жасалады».
Өңірлерден келген балаларға Астана мен Алматы қалаларында жасалатын барлық операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында толықтай тегін жүргізіледі.