Маңғыстау ауылында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді
OTPANNEWS.KZ. - Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Адал қоғам» жобасы бойынша құқықтық-профилактикалық керуен өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру.
Іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ тиісті сала мамандары қатысты. Олар тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, заңнама талаптарына қатысты түсіндірмелер берді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын тікелей қойып, құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды. Сонымен қатар заңнамадағы өзгерістер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары жөнінде ақпарат берілді.
Керуен аясындағы кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын түсіндіруге және азаматтардың құқықтық мәселелер бойынша мамандардан тікелей кеңес алуына мүмкіндік береді.
Іс-шара Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Эко Маңғыстау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.