Otpan News Logo

Әлемді жаяу аралап жүрген аустралиялық турист Бозжыраға барды

|
13.10.2026 11:30
Әлемді жаяу аралап жүрген аустралиялық турист Бозжыраға барды

АҚТАУ. OTPANNEWS.KZ – Әлемді жалғыз өзі жаяу аралап жүрген аустралиялық Эми есімді саяхатшы Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына барды. 


Орталық Азия елдеріне сапары барысында Қазақстанға аялдаған шетелдік турист өңірдің табиғи көрікті жерлерімен танысқан.


Аустралиядан келген саяхатшының Бозжыраға барған сәті жергілікті тұрғынмен әңгіме барысында белгілі болды. Маңғыстаулық тұрғын Эмимен тілдесіп, сұхбатты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 


Әңгіме барысында саяхатшы әлемді жаяу әрі жалғыз аралап жүргенін айтты. Оның сөзінше, жолда кездескен көліктерді тоқтатып, жолдың бір бөлігін көлікпен жүріп өтеді. Эми мұндай тәсіл уақыт пен күшті үнемдеуге көмектесетінін жеткізді.


«Мен әлем елдерін жаяу әрі жалғыз аралаймын. Кейде көліктерді тоқтатып, жолдың бір бөлігін көлікпен жүріп өтемін. Бұл шынымен де қауіпсіз әрі тиімді. Мұндағы адамдар көмектесуге дайын, ниеттері де жақсы», – деді саяхатшы.


Маңғыстауға келген шетелдік турист өңірдің ерекше табиғатымен танысуға мүмкіндік алған. Ақ борлы жартастары мен өзгеше бедерімен танылған Бозжыра шатқалы- Қазақстандағы туристер жиі баратын табиғи орындардың бірі. Оның көрінісі өңірге келген саяхатшылардың назарын аударып келеді.

48
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!