ҚМДБ 2026 жылғы пітір мөлшерін бекітті
ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Рамазан айына орай өткен жиында пітір садақа мөлшері 735 теңге деп жариялады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.
“2026 жылғы пітір садақаның бағасы нарықтық орташа бағасымен есептеліп бекітілді. 2 кг бидай – 318 теңге. Ал 2 кг ұн – 735 теңге. 4 кг арпа – 514 теңге. 2 кг мейіз – 6400 теңге. Ал 4 кг құрма – 12400 теңге. Дегенмен бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (6400 теңге) немесе 4 келі құрмамен (12400 теңге) бергені жақсырақ. Ал підия мөлшері – бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның биылғы мөлшері 4000 (төрт мың) теңге болып бекітілді. Бұған шамасы келмегендер оразаның әр күніне пітір садақасының құнын береді», – деді ҚМДБ төраға орынбасары.
Айта кетейік, биылғы Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Наурыз айының 16-сынан 17-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі.
14
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев