Otpan News Logo

Форт-Шевченко қаласында әкім сайлауы өтеді

|
11.02.2026 15:29
Форт-Шевченко қаласында әкім сайлауы өтеді

Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласы әкімінің сайлауы 2026 жылдың 1 наурызында өтеді. Сайлауға 3 кандидат ұсынылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Сайлау құқығына ие қала тұрғындары 1 наурыз күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Сайлау күні қала бойынша екі сайлау учаскесі жұмыс жасайды.


Кандидаттар:


1. Мұхамбет Ғибрат Ғабдоллаұлы – 1997 жылдың 13 шілдесінде Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында дүниеге келген. Қазір «Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде әкім орынбасары болып қызмет атқарады.

2. ⁠Болжабаев Советхан Фазыловұлы – 1987 жылдың 15 шілдесінде Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген. «Түпқараған аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сектор меңгерушісі.

3. ⁠Даңшабаев Айбек Амангелдіұлы – 1992 жылдың 5 шілдесінде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында дүниеге келген. «Түпқараған ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бөлім басшысы.

56
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!