Ел қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі
Жаңадан қабылданған Конституция – мемлекеттің құқықтық және саяси жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды құжат.
Онда мемлекеттік басқару тетіктерін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өзгерістер қарастырылған. Конституция жалпыұлттық референдум арқылы қабылданып, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
Біз, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, күнделікті жұмысымызда халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетуді басты міндет санаймыз. Жаңаланған Ата заңымыз аясында қабылданған шешімдер мемлекеттік қызметтің ашықтығын, заң үстемдігін және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған. Әсіресе адам құқықтарын қорғау тетіктерінің күшейтілуі – Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекетіміздің осы жасампаз реформаларын толық қолдайды. Біз Ата заңымыздың қағидаттарын басшылыққа ала отырып, аймағымыздың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу жолында аянбай еңбек ете береміз. Жаңа Конституция – жарқын болашағымыз бен тұрақты дамуымыздың кепілі.
Абай БАЗАРБАЕВ,
Маңғыстау облысы ТЖД
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы