Otpan News Logo

Долли Партон қайтыс болды: «I Will Always Love You» әнінің авторы 80 жасқа қараған шағында өмірден өтті

Долли Партон қайтыс болды: «I Will Always Love You» әнінің авторы 80 жасқа қараған шағында өмірден өтті

АҚШ-та кантри музыкасының аңызы, «I Will Always Love You» әнінің авторы әрі орындаушысы Долли Партон қайтыс болды. Әнші 80 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Долли Партон 1946 жылы Теннесси штатында дүниеге келген. Ол 12 балалы отбасында өскен. Музыкамен бала кезінен айналысып, 10 жасында теледидардан өнер көрсете бастаған. 13 жасында алғашқы әнін жазып, әйгілі Grand Ole Opry сахнасына шыққан.


Партонның кәсіби мансабы 1967 жылы кантри әншісі Портер Вагонердің телешоуына қатысқаннан кейін өрледі. Кейін ол жеке орындаушы ретінде танылып, кантри музыкасының ең ықпалды жұлдыздарының біріне айналды.


Әншінің ең танымал шығармасы – «I Will Always Love You». 1974 жылы жарық көрген композицияны 1992 жылы Уитни Хьюстон орындап, ән әлемдік хитке айналды.


Партонның «Jolene», «9 to 5» және Кенни Роджерспен бірге орындаған «Islands in the Stream» әндері де кең танымал. Оның 25 әні АҚШ-тың кантри-чартында бірінші орынға шыққан.


Долли Партон 11 «Грэмми» сыйлығын иеленіп, 160 миллионнан астам альбом сатты. 2022 жылы Рок-н-ролл даңқ залына енгізілді.


2025 жылы наурызда әнші 59 жылға жуық бірге тұрған күйеуі Карл Диннен айырылды. Өлімінен төрт күн бұрын Партон денсаулығына қатысты мәселелер бар екенін айтып, күйеуіне күтім жасау кезінде өз денсаулығына көңіл бөлмегенін мәлімдеген.


Партонның қазасына байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп көңіл айтып, әншінің құрметіне мемлекеттік туларды бір апта бойы төмен түсіру жоспарын жариялады.

14
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!