Otpan News Logo

Маңғыстауда ТЖМ флоты жаңа құтқару кемесімен толықты

Маңғыстауда ТЖМ флоты жаңа құтқару кемесімен толықты

Маңғыстау облысында жаңа көпфункционалды құтқару кемесі пайдалануға берілді. DAMEN Fast Crew Supplier 2710 кемесі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Otpannews.kz.


Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеме Эстонияның Курессааре қаласындағы DAMEN Workboats өндірістік алаңында жасалған. Қабылдау рәсімін Қазақстан ТЖМ делегациясы «Теңіз жасағы» АҚ өкілдерімен бірлесіп өткізген.


Кеме теңіздегі төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге, мұнай төгінділерінің салдарын жоюға және кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.


Құтқару қызметінің теңіздегі мүмкіндігін күшейту Каспийдегі су деңгейінің төмендеуіне және тайыз учаскелердің көбеюіне байланысты маңызды болып отыр. Бұл жағдай кеме қатынасына қауіп төндіріп, заманауи арнайы техниканы қажет етеді.


Жаңа кеме құтқарушылардың оқиға орнына жылдам жетіп, зардап шеккендерге көмек көрсетуіне және авариялық-құтқару жұмыстарын тиімді жүргізуіне мүмкіндік береді.

13
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!