Otpan News Logo

Маңғыстаулық екі ұстаз мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстаулық екі ұстаз мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстаулық екі ұстазға мемлекеттік награда табысталды. Жаңаөзендік мұғалім «Ерен еңбегі үшін» медалін алса, Қарақия ауданының ұстазы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен педагогтердің республикалық тамыз конференциясы өтті.


Мемлекет басшысы Жаңаөзен қаласындағы №24 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Балмия Әлибаеваға «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады. Ал Қарақия ауданындағы №7 жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі Биғайша Шаукенова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.


«Адам капиталы, білім, прогресс – халықтық Конституцияның негізгі құндылығы» тақырыбындағы жиынға Маңғыстау облысынан облыстық білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев бастаған 61 адамнан тұратын делегация қатысты.


Олардың қатарында қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік орталықтардың директорлары мен орынбасарлары, әдіскерлер, мектеп және колледж директорлары бар.


Конференция барысында Маңғыстау облысының атынан Ақтау қаласындағы №35 жалпы білім беретін мектептің кітапхана меңгерушісі Айткүл Оразбаева спикер ретінде сөз сөйледі. Ол оқу мәдениетін дамыту, зерделі ұлт қалыптастыру және балаларды кітап оқуға баулудағы кітапхананың маңызы туралы баяндады.

47
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!