Otpan News Logo

Ғылымнан болашаққа: Ядролық физика институтының жаңа деректі фильмі

|
21.08.2026 15:07
Ғылымнан болашаққа: Ядролық физика институтының жаңа деректі фильмі

Ядролық физика институты Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің тапсырмасы бойынша дайындаған деректі фильмді ұсынады.  


Фильм Қазақстанның жетекші ғылыми орталықтарының бірі — Ядролық физика институтының тарихына, ғылыми-зерттеу базасын дамытуға, мамандар даярлауға және атом саласының кадрлық әлеуетін нығайтуға қосқан үлесіне арналған. Онда Институттың ғылыми базасы, халықаралық ынтымақтастығы, ЦЕРН-нің ірі ғылыми эксперименттеріне жас ғалымдардың қатысуы, сондай-ақ қызметкерлер мен қонақтарға қолайлы жағдай жасау, соның ішінде тәуелсіздік жылдары ғылыми-зерттеу ұйымы үшін арнайы салынған жалғыз жатақхананың құрылысы көрсетіледі.

88
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!