Otpan News Logo

Балаларға арналған шұбат: Жаңаөзенде Қазақстандағы алғашқы жоба іске қосылады

Балаларға арналған шұбат: Жаңаөзенде Қазақстандағы алғашқы жоба іске қосылады

Қыркүйек айынан бастап Жаңаөзен қаласындағы 25 мектептің оқушысына түйе сүтінен дайындалатын дәстүрлі сусын – шұбат беріледі. Бұл – ұлттық сусынды мектеп оқушыларының тамақтану рационына жүйелі түрде енгізуге бағытталған Қазақстандағы алғашқы жоба, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жоба жаңа өндіріс орнының іске қосылуымен жүзеге асып отыр. 26 тамызда Жаңаөзен қаласында «Нар-Бота» шұбат құю цехының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, қала ақсақалдары, кәсіпкерлер және қоғам өкілдері қатысты.


Мектеп оқушыларын шұбатпен қамтамасыз ету бастамасын Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай көтерді. Жоба, ең алдымен, балалардың денсаулығын нығайтып, олардың табиғи әрі сапалы өнім тұтынуын қамтамасыз етуге бағытталған. Құнарлы сусынның құрамында ақуыз, кальций, фосфор, В тобының дәрумендері және ағзаға қажетті өзге де пайдалы заттар бар.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!