Otpan News Logo

Ақтауда педагогтерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық интенсив басталды

|
27.08.2026 11:04
Ақтауда педагогтерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық интенсив басталды
Фото: otpannews.kz

Ақтаудағы оқушылар сарайында білім басқармасының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтеріне арналған алғашқы көмек көрсету бойынша екі күндік практикалық интенсив өтіп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараның негізгі мақсаты – балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен жаттықтырушыларға дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсетудің базалық дағдыларын үйретуге бағытталған. Интенсив барысында қатысушылар төтенше жағдай кезінде дұрыс әрі жедел әрекет ету тәсілдерін тәжірибе жүзінде меңгерді.


Атап айтқанда, мамандар жүрекке жанама массаж жасау, тыныс алуды қалпына келтіру, тұншығу, есінен тану және қан кету жағдайларында алғашқы көмек көрсету алгоритмдерін пысықтады.


«Біздің басты мақсатымыз – балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушылар мен педагогтерге дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсетудің базалық дағдыларын үйрету. Жүрекке массаж жасау, тыныс алуды қалпына келтіру, тұншығу, есінен тану, қан кету сияқты төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ете білу – әр маман үшін аса маңызды. Өйткені бала қауіпсіздігі тек сөз жүзінде емес, нақты білім мен практикалық дағды арқылы қамтамасыз етіледі. Бүгінгі екі күндік интенсивте теориядан гөрі тәжірибеге басымдық беріп, мамандарды түрлі жағдайларға барынша дайындауға тырысамыз», - деді Роман Корнеев.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай практикалық сабақтар педагогтердің төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету дайындығын арттырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.


54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!