Маңғыстау облысы Қазақстан оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы қорытындысы бойынша үздік атанды
Маңғыстау облысы Қазақстан оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы қорытындысы бойынша үздік атанды
Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылы спорттың 54 түрінен өткен Қазақстан оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы аясында еліміздің өңірлерінен келген жас спортшылар спорттың 54 түрі бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының құрама командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте үздік атанды.
25 тамызда Астана қаласында өткен республикалық дене шынықтыру педагогтерінің секция отырысында гимназиаданың қорытынды нәтижелері жарияланып, үздік өңірлер марапатталды.
Іс-шара барысында Қазақстан оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасының нәтижесі бойынша «Гимназиада үздігі» номинациясы Маңғыстау облысына табысталды.
Өңір намысын қорғаған оқушылар мен педагогтердің еңбегі Маңғыстау облысының жалпыкомандалық есепте бірінші орын алуына үлес қосты.