Otpan News Logo

Биыл Маңғыстауда су тапшылығы болмайды

Биыл Маңғыстауда су тапшылығы болмайды


Маңғыстау өңірінде бірнеше ауданда су зауыты ашылды. Енді маңғыстаулықтар су тапшылығын көрмейді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жібек жолы арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады otpannews.kz.


«Өткен жылы жазда Ақтау қаласында суды ешқандай кестесіз халыққа бердік. Бұрын кестемен берген болатынбыз. Яғни, күндіз берілмейді, жинап-жинап кешке беретін едік. Былтыр мұндай мәселе орын алған жоқ. Суды өндіру мөлшеріне сәйкес облыс орталығында проблема болмады. Бірақ аудандар мен Жаңаөзенде мәселе болды. Биыл да судан шектеу болмайды. Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында су тұшыту зауыты іске қосылды. Қарақия ауданының орталығы Құрық елдімекенінде де зауыт ашылды. Олар дербес, Ақтауға тәуелді емес», - деді Нұрдәулет Қилыбай.


55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!