Otpan News Logo

Биыл Кендірліде сағатына 150 жолаушыға қызмет көрсете алатын әуежай ашылады

|
30.01.2026 14:23
Биыл Кендірліде сағатына 150 жолаушыға қызмет көрсете алатын әуежай ашылады

Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес Кендірлі туристік аймағын дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.


- Кендірлі ауылының бас жоспары 2023 жылы бекітіліп, 2024 жылдан бастап егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Бүгінгі күні бас жоспарға тиісті түзетулер енгізіліп жатыр. Жоспарлау аумағы 3 500 гектардан 10 500 гектарға дейін кеңейді. Бұл бағыттағы жұмыстар осы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Сонымен қатар, Кендірлі курорттық аймағының мастер-жоспары да басталып кетті. Бұл жұмыс осы жылдың ІІ тоқсанында аяқталады. Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес, Кендірлі курорттық аймағында әуежай құрылысы қолға алынды. Әуежайдың ұшу-қону жолағы 2200 метрді құрайды, терминалдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыға есептелген. Құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіліп, инженерлік желілер тартылуда. Әуе қатынастары бойынша ішкі және сыртқы рейстер бойынша келісімдер жүріп жатыр, - деді Жансейіт Қайнарбаев.
89
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!