«Үздік маман – 2026» байқауы мәресіне жетті
OTPANNEWS.KZ. – «Oil Construction Company» ЖШС-де жұмысшы мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған дәстүрлі «Үздік маман – 2026» байқауы аяқталды. Сайыс қорытындысы бойынша бес бағытта үздік нәтиже көрсеткен мамандар мен бригадалар анықталды.
Байқау аясында қатысушылар сыртқы құбыр құрастыру, шыныталшықты құбырларды құрастыру (ШПТ), құрылыс құрылмаларын құрастыру, жылу оқшаулау және электргазбен дәнекерлеу бағыттары бойынша өзара бақ сынады. Олар кәсіби білімін, практикалық дағдыларын, жұмысты орындау сапасы мен жауапкершілігін көрсетті.
Сыртқы құбыр құрастыру бойынша:
I орын: А.Мойнақ, Е.Қызылғұлов, С.Орынбаев
II орын: М.Атжибаев, М.Әлиев, А.Жовулбаев
III орын: К.Селмағамбетов, Т.Ыдырысов, А.Сумбаев
ШПТ бойынша сыртқы құбыр құрастыру бойынша:
I орын: Е. Жалимбаев, Д. Елшібеков, К. Меңліқұлов.
II орын: Н. Мекеев, М. Сисенов, А. Түсіпқалиев.
III орын: О. Төретаев, К. Тұрақбаев, М. Байжігітов.
Құрылыс құрылмаларын құрастыру бойынша:
I орын: Б. Махатов, О. Айтбаев, Б. Бисенов.
II орын: К. Беганов, Қ. Павиз, А. Беканов.
III орын: А. Жолдасов, Б. Дәрменов, К. Нұрбауылов.
Жылу оқшаулау бойынша үздік бригада:
I орын: З.Теңізбаев, Д. Бөлтеков, М. Жұмажанов.
II орын: Н.Ибраев, А. Юсупов, А. Шораев.
III орын: А.Отарғалиев, С. Мыңбаев, И. Сагындықов.
Үздік электргазбен дәнекерлеуші:
I орын: А.Әбді.
II орын: С.Төлешов.
III орын: Н.Мамаев.
Айта кетейік, «Үздік маман» байқауы - жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, кәсіби біліктілік пен еңбек мәдениетін дамытуға бағытталған дәстүрлі шара ретінде көпшілікке белгілі. Мұндай байқаулар тәжірибе алмасуға, шеберлікті жетілдіруге және өндірістегі сапа мен қауіпсіздік талаптарын нығайтуға мүмкіндік береді.