Ақтауда мерекеге орай сауда орталықтары жеңілдіктер ұсынады
OTPANNEWS.KZ. - 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесіне орай ішкі нарықты қолдау, отандық тауар өндірушілерді ынталандыру және халыққа қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыру мақсатында республикалық «Republic Day» акциясы өтіп жатыр. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Акция аясында Ақтау қаласындағы бірқатар сауда орталықтарында 27 қазанға дейін түрлі санаттағы тауарларға арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер қарастырылған.
Тұрғындар тұрмыстық және күнделікті сұранысқа ие өзге де тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатып ала алады.
«Republic Day» акциясына қатысатын сауда орталықтары:
- «Saya Park» сауда орталығы;
- «Ақтау» сауда орталығы;
- «SHUM» сауда орталығы;
- «Астана» сауда орталығы;
- «Маңғыстау» сауда орталығы;
- «Akkala Mall» сауда орталығы;
- «Бәйтерек» сауда орталығы;
- «Zaman» сауда орталығы;
- «Hazar Plaza» сауда орталығы.
Акция халықтың сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және тұтынушылық белсенділікті арттыруға бағытталған.