Бейнеу ауылы «Үздік ауыл» республикалық жобасына қатысып жатыр
OTPANNEWS.KZ. - «Ауыл» телеарнасы ұйымдастырған республикалық «ҮЗДІК АУЫЛ» жобасына Маңғыстау облысынан Бейнеу ауылы қатысып жатыр.
Жоба ауылдардың әлеуетін танытып, олардың жетістіктерін көпшілікке насихаттауға мүмкіндік береді. Бейнеу ауылының бұл жобаға қатысуы – Маңғыстау өңірінің мәртебесін республикалық деңгейде көтеру үшін маңызды мүмкіндік.
Жоба аясында Бейнеу ауылының тыныс-тіршілігі, әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың белсенділігі мен елді мекеннің өзіндік ерекшеліктері таныстырылады. Жоба ауылдың жетістіктерін көпшілікке көрсетіп қана қоймай, туған жердің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін дәріптеуге де мүмкіндік береді.
Айта кетейік, әр қаралым, әр лүпіл, әр пікір - Бейнеу ауылының қоржынына қосылған ұпай!
Дауыс беру: @auyltv.kz
https://www.instagram.com/reel/DeYDB_zOqec/?psln=MW42dzF4Njc4b3Vlbg==