Otpan News Logo

Ақтаулық оқушылар «Дублер» кейпінде: Мамандық таңдаудың жаңа форматы

|
05.02.2026 12:33
Ақтаулық оқушылар «Дублер» кейпінде: Мамандық таңдаудың жаңа форматы

Ақтаудағы мектептердің бірінде сабақтан кейін оқушылар түрлі жұмыс орындарында тәжірибеден өтуде. Саламат Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының болашағына бағыт беретін бұл жобаның атауы – «Дублер», деп жазады otpannews.kz сайты. 


Биылғы оқу жылында басталған бұл бастама аясында 9-сынып оқушылары партадан шығып, нақты жұмыс орындарында тәжірибе жинақтайды. 


Сынып жетекшісі Меруерт Сүтбайқызының айтуынша, оқушыларға сала мамандарымен иық тіресе бір күн тәжірибеден өтуі оларға сенімділік сыйлап, әлеуметтік белсенділігін арттырады. 


“Мектебімізде “Дублер” атты жоба бар. Мақсаты – оқушыларды қоғам өміріне араластырып, болашақ мамандығын таңдауға көмек көрсету. Биылғы оқу жылында басталған жоба аясында оқушылар өздерін әртүрлі маман ретінде сынап көрді”,- деді ұстаз Меруерт Сүтбайқызы. 


Осы уақытқа дейін оқушылар ақ халатты дәрігерлердің, ақпарат айдынындағы журналистердің, халық қалаулысы саналатын депутаттардың және ұстаздардың күнделікті жұмыс процесін өз көздерімен көріп, сол саланың қыр-сырымен танысып үлгерді.


Жоба мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта жас «дублерлар» құқық қорғау және халықаралық қатынастар саласына ден қойып, Прокуратура қызметкерлерінің, консулдар мен елшілік өкілдерінің, сондай-ақ кәсіби аудармашылардың жұмыс барысына қатысуды жоспарлап отыр.


Мұндай тәжірибе жастардың жауапкершілікті сезінуіне, коммуникациялық дағдыларын дамытуға және таңдаған кәсібінің қиындығы мен қызығын ерте бастан түсінуге зор мүмкіндік береді. 


№16 мектептегі бұл игі бастама өзге білім ордалары үшін де озық тәжірибе үлгісі болмақ.

196
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!