Otpan News Logo

Ақтауға бір маусымда 20 мыңға жуық қоқиқаз келеді

|
27.02.2026 13:58
Ақтауға бір маусымда 20 мыңға жуық қоқиқаз келеді
otpannews.kz

Маңғыстау тұрғындары мен туристердің назарын аудартқан қызғылт қоқиқаздар Ақтаудан бірнеше шақырым жердегі Қаракөлге келді. Жылына 2 рет Маңғыстауға қонақ болатын әсем құстарды көруге otpannews.kz сайтының түсірілім тобы барды. 


Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы директорының орынбасары Қалдыбай Мамаевтың айтуынша, қызғылт қоқиқаздар көлдегі жәндіктермен, шаянмен және балдырлармен тамақтанады. Оның қызғылт реңкінің құпиясы да осында. 


“Қаракөлде 300-ден астам құс түрі бар. Солардың бірі – қоқиқаз, ол еліміздің қызыл кітабына енген құс. Қоқиқаздың мойны мен аяғы ұзын, имек тұмсығы бар. Жас қоқиқаздың қауыраындары сұр түсті болады. Есейген сайын түсі қызғылт реңке боялады. Маусымында Қаракөлде 15-20 мыңға жуық қоқиқаз келеді”,- деді Қалдыбай Мамаев. 


Қоқиқаздар өңірге жылына 2 рет қонақтайды. Көктемде олар Солтүстік Қазақстандағы “Қорғалжын” қорығына беттейді. Ал күзде Иранға ұшып кетеді. Осы екі нүкте арасында құстар демалып, Қаракөлге аялдайды.

436
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!