Otpan News Logo

Ақтауда жаңа порт ашылады

Ақтауда жаңа порт ашылады

Биыл өңірде «Port Otpan» атауымен ашылатын жаңа порттың құрылысы басталады. Маңғыстаудың тарихын зерттеген шетелдік инвесторлар амал мерекесі өтетін жер Отпан таудың құрметіне жаңа портты осылай атайды деп хабарлайды otpannews.kz сайты Жібек жолы арнасына сілтеме жасап.


«Біз бұл жобаны бастамас бұрын бір жылға жуық келіссөз жүргіздік. Екі елдің арасын жол қылып, ұзақ келісімнің нәтижесінде порттың құрылысын бастаймыз. Бүгінгі таңда олардың командасы елге келді. Қазіргі халықаралық порттың жүк айналымы 12 миллион тонна, жаңа порттың жүк айналымы 25 миллион тонна болады деп жоспарлап отырмыз. Яғни, жүк айналым жоғары болады. Жоба сәтті аяқталғаннан кейін біраз жұмыс орыны ашылады, тіпті қалашық болып қалуы да мүмкін»,- деді Нұрдәулет Қилыбай.


65
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!