Otpan News Logo

Ақтауда жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті

|
20.02.2026 15:31
Ақтауда жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті

Ақтауда «КИС-Ақтау» ЖШС ұжымымен жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында кездесу өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Басқосудың негізгі мақсаты – алдағы референдум қарсаңында қызметкерлерге өзгерістердің мән-маңызын түсіндіру және қоғамдағы пікір алмасуды күшейтуге бағытталған.

 

Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағы Маңғыстау облыстық филиалының директоры Анар Шамшадинова қатысты. Ол өз сөзінде Конституция – елдің негізгі тірегі екенін атап өтіп, отбасылық құндылықтарды қорғау мен нығайтудың маңызына тоқталды. Спикердің айтуынша, Ата Заңда отбасы институтының орны айқындалып, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды сақтау – қоғам тұрақтылығының кепілі болып қала береді.

 

Сондай-ақ «КИС-Ақтау» ЖШС мекемесінің қаржы саласының маманы Санақбай Аманжолов та пікір білдірді.

 

«Бәрімізге мәлім, 15 наурыз күні жаңа Конституция бойынша референдум өткелі отыр. Сондықтан ел азаматтары бір адамдай болып дауыс беруге атсалысуымыз қажет деп білемін. Жаңа Конституция жобасы жарияланған сәттен бастап танысып шықтық. Әлеуметтік желілердегі түрлі пікірлерді де бақылап отырмыз. Қалай болғанда да, Ата Заңымыз – болашағымыздың, ұрпақ келешегінің негізі. Қоғам бірлігі мен ел экономикасының өсіп-өркендеуі үшін қолдау білдіріп, дауыс беру маңызды», – деді Санақбай Аманжолов.

 

Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа Конституция жобасының ел дамуына әсері мен маңызы жөнінде ой бөлісті.

150
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!