Otpan News Logo

Ақтауда СТО өртеніп, екі адам жарақат алды

|
06.02.2026 12:50
Ақтауда СТО өртеніп, екі адам жарақат алды

Ақтау қаласының 29 шағынауданында, «Арай» тұрғын үй массивінің маңында төтенше жағдай орын алып, техникалық қызмет көрсету станциясының (СТО) ғимараты өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы мен өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Құтқарушылар тілсіз жауды оқшаулау және сөндіру жұмыстарын әлі де жалғастыруда.


Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

155
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!