Otpan News Logo

Ақтауда Рамазан айында тегін автобус қатынайды

Ақтауда Рамазан айында тегін автобус қатынайды

Ақтауда қала әкімдігінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында тарауық намазынан кейін тегін қоғамдық көлік қатынасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


Автобус бағыты 26-шағын ауданда орналасқан облыстық «Бекет ата» мешітінен басталып, қаланың жоғары шағын аудандарын қамтиды. Бұл бастама қала тұрғындарының кешкі құлшылықтан кейін үйлеріне қауіпсіз әрі ыңғайлы жетуін қамтамасыз етуге бағытталған.


Аталған қоғамдық көлік күн сайын тарауық намазы аяқталғаннан кейін жолға шығып, белгіленген бағыт бойынша қатынайды. Жоба Рамазан айы бойы жүзеге асырылады.


196
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!