Ақтауда көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді
20 ақпан күні Ақтау қаласында көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында қала әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп аналарға мемлекеттік наградалар – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады, деп хабарлайды otpannews.kz қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.
Шара барысында барлығы 27 ана мемлекеттік төсбелгілермен марапатталды. Оның ішінде 15 ана «Алтын алқа», 19 ана «Күміс алқа» иегері атанды.
Өз сөзінде қала әкімінің орынбасары көпбалалы аналарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегін ерекше атап өтті.
– Қасиетті Рамазан айының екінші күнінде осындай тағылымды шарада жүздесіп отырғанымызға қуаныштымын. Баршаңыздың ұстаған оразаларыңыз бен жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Еліміздің тыныштығы мен жеріміздің амандығы баянды болсын. Сол бейбіт өмірдің тірегі – сіздер тәрбиелеп отырған ұрпақ. Ана – отбасының ғана емес, ұлттың ұйытқысы. Қазақ елінің болашағы – тәрбиелі, саналы ұрпақтың қолында. Осындай ұрпақты дүниеге әкеліп, өсіріп, тәрбиелеп отырған өздеріңізге зор алғысымды білдіремін. Балаларыңыздың амандығын, денсаулығын тілеймін. Олар сіздердің көз қуаныштарыңыз болып, өңіріміздің және еліміздің абыройын асқақтатар азаматтар болып өссін, – деді Бекзат Жүсіп.
179
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев