Otpan News Logo

Ақтауда этномәдени бірлестіктер өкілдері жаңа Конституциядағы өзгерістерді талқылады

|
11.02.2026 11:10
Ақтауда этномәдени бірлестіктер өкілдері жаңа Конституциядағы өзгерістерді талқылады

Ақтауда «Конституциялық өзгерістер бойынша этномәдени бірлестіктермен диалог» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Іс-шараны өңірлік қоғамдық келісім құрылымдары ұйымдастырып, оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен ардагерлер қатысты. Кездесудің мақсаты Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру, олардың қоғам дамуына ықпалы жөнінде пікір алмасу және ұсыныстарды талқылауға бағытталған. 


Жиын барысында қатысушыларға жаңа конституциялық түзетулердің негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігіне қатысты жаңашылдықтар таныстырылды. Спикерлер реформалардың елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға, басқару жүйесінің ашықтығын арттыруға және халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысуын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.


Басқосуда МО Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбділов Оңайбек те сөз алып, өзгерістердің маңызына тоқталды.


«Жаңа Конституцияға енгізілетін өзгерістер - елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Бұл түзетулер қоғамдағы әділеттілік пен жауапкершілікті күшейтеді. Әсіресе азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтады. Сондықтан әрбір тұрғын бұл өзгерістердің мәнін түсініп, белсенді қолдау көрсетуі қажет деп есептеймін», - деді ол.


Кездесуде өзге де этномәдени бірлестіктердің өкілдері пікір білдіріп, диалог форматы ашық әрі мазмұнды өткенін жеткізді. Қатысушылар реформалардың қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтаудағы рөліне ерекше назар аударды.


Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Айрапет Күрдоглян да жылы лебізін білдірді.


«Бүгінгі диалог алаңы этномәдени бірлестіктер үшін өте пайдалы кездесу болды. Конституциялық өзгерістер елдегі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді одан әрі нығайтуға қызмет етеді деп сенемін. Біз үшін ең маңыздысы - бейбітшілік, өзара құрмет және ортақ құндылықтарды сақтау. Осындай ашық кездесулер қоғам бірлігін күшейте түседі», - деді ол.


Кездесу қорытындысында қатысушылар мұндай түсіндіру және пікір алмасу форматындағы шараларды алдағы уақытта да тұрақты өткізу қажеттігін атап өтті.

181
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!