Otpan News Logo

Ақтауда 8 жастағы баланың қолқасынан қаламсап қақпағы ота арқылы алынды

|
20.02.2026 15:36
Ақтауда 8 жастағы баланың қолқасынан қаламсап қақпағы ота арқылы алынды
Фото: neironclinic.kz

Ақтауда қаламсаптың қақпағын абайсызда жұтып қойып, қолқасына тұрып қалған мектеп оқушысына ота жасалды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасы дәрігері Жақсылық Мұсаұлы мәлімдеді.


Оқиғаға байланысты 8 жастағы баланың қолқасынан қаламсап қақпағы сәтті түрде алынды. Баланың айтуынша, мектепте қаламды аузына тістеп отырған кезде қақпақ абайсызда жұтылып кеткен. Осыдан кейін тыныс алуы қиындай бастаған.


Дәрігерлер рентген және компьютерлік томография (КТ) арқылы бөгде затты анықтап, эндоскопиялық ота жасаған.


«Баланың жағдайы жақсы. Сәрсенбі күні отадан кейін үйіне жіберілді. Роллан Серікұлы деген дәрігермен бірге ота арқылы қаламсаптық қақпағын қолқадан алды. Ойнап жүргенде қақпақ шашалған сәтте қолқаға кетіп қалған», - деді Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері Жақсылық Мұсаұлы.

112
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!