Otpan News Logo

Ақтауда 70 жастағы ақсақал 42,2 шақырымды бағындырды

Ақтауда 70 жастағы ақсақал 42,2 шақырымды бағындырды

OTPANNEWS.KZ - Ақтауда ауқымды Caspian Marathon спорттық шарасы өтті.


Жарыс 15-шағынаудандағы жағалауда, амфитеатр маңында ұйымдастырылды. Қатысушылар 5 км, 10 км, 21,1 км және 42,2 км қашықтықтар бойынша жүгірді. Таңғы сағат 06:30-да шараның салтанатты ашылуы өтіп, 06:45-те қатысушылар дене шынықтыру жаттығуларын жасады.


Жүгірушілер 15-шағынауданнан 4-шағынауданға дейінгі орталық автожол бойымен қозғалды. Ауқымды шараға кәсіби спортшылар, жүгіру әуесқойлары, корпоративтік командалар және балалар қатысты.


Марафонға қатысушылардың бірі Нұржан Ақнұров әлеуметтік желідегі парақшасында жарыста көзге түскен егде жастағы ақсақал туралы өз әсерімен бөлісті.


«70-ті алқымдаған ақсақал 42 шақырым қашықтықты жүгірді. Оған күш-қуат берсін. Ол шынында да жастарға үлгі боларлық керемет іс жасап жүр», - деді Нұржан Ақнұров.


Жарыс аяқталған соң, ұйымдастырушылар жолдарды толықтай тазартып, тәртіпке келтірді.

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!