Otpan News Logo

Ақтау халықаралық әуежайы Еуропалық Одақтың авиациялық талаптарына сай деген мәртебе алды

|
27.02.2026 11:06
Ақтау халықаралық әуежайы Еуропалық Одақтың авиациялық талаптарына сай деген мәртебе алды
aktau-airport.kz

Ақтау халықаралық әуежайы Еуропалық Одақтың авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес валидация рәсімінен өтіп, RA3 (Regulated Agent Third Country) мәртебесіне ие болды. Бұл әуежайдың қауіпсіздік жүйесінің Еуропалық Одақтың талаптарына сәйкес келетінін растайды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Ақтау халықаралық әуежайының жазуынша, RA3 мәртебесінің берілуі экспорттық жүктерді өңдеу кезінде қолданылатын авиациялық қауіпсіздік жүйесінің Еуропалық Одақ талаптарына толықтай сәйкес келетінін растайды. Әуежайға ЕО-ның ресми дерекқорына енгізілген KZ/RA3/00006-01 бірегей тіркеу нөмірі берілді.


RA3 мәртебесі әуежайдың халықаралық жүк тасымалындағы әлеуетін айтарлықтай арттырады. Атап айтқанда, бұл мәртебе Еуропалық Одақ елдеріне тікелей жүк рейстерін орындауға, жүктерді өңдеу уақытын қысқартуға, логистикалық тізбектерді оңтайландыруға, серіктестердің операциялық және қаржылық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.


- RA3 мәртебесін алу Ақтау халықаралық әуежайының Каспий өңірі мен Орталық Азиядағы негізгі логистикалық тораптардың бірі ретіндегі позициясын нығайта түседі. Бұл қадам әуе компаниялары және жүк операторларымен ынтымақтастықты кеңейтіп, Қазақстан Республикасының халықаралық көлік дәліздері мен сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға серпін береді. Бұл мәртебе өңірдің транзиттік әлеуетін арттырып, Ақтаудың халықаралық жүк тасымалындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді, - деп хабарлады Ақтау халықаралық әуежайы.

339
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!