Otpan News Logo

2026 жылға арналған Ақтау қаласының бюджетін нақтылау мәселесі қаралды

2026 жылға арналған Ақтау қаласының бюджетін нақтылау мәселесі қаралды

Ақтау қаласы әкімдігінде қала әкімі Әбілқайыр Байпақовтың төрағалығымен бюджеттік комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында Ақтау қаласының 2026 жылға арналған бюджет жобасын нақтылау мәселелері жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды otpannews.kz қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


2026 жылға арналған қалалық бюджетті нақтылау және жоспарланған бюджет түсімдерінің күтілімін айқындау мәселелері қарастырылды. Отырыс барысында Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Мадина Жубаназарова 2026 жылға арналған бюджеттің негізгі параметрлері мен басым бағыттары жөнінде баяндама жасады. Атап айтқанда, әлеуметтік саланы қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмыстарына бағытталатын шығыстар көлемі нақтыланды.


Сонымен қатар, бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштері талқыланды. Бұл бағытта Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары күтілетін кірістер көлемі мен салықтық түсімдердің орындалу қарқыны туралы ақпарат ұсынды.


Жиынды қорытындылаған қала әкімі Әбілқайыр Байпақов бюджет жобаларын қалыптастыру кезінде қаражаттың тиімді және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету, әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуы және қаланың инфрақұрылымдық дамуына басымдық беру қажеттігін атап өтті.


- 2026 жылға арналған бюджетті нақтылау барысында әрбір бюджет қаражаты тиімді әрі мақсатты жұмсалуы тиіс. Қаланың инженерлік және жол инфрақұрылымын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту – негізгі міндеттердің бірі. Сонымен қатар, кірістер бөлігінің орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, қаржылық тәртіпті күшейту маңызды. Бюджет – бұл тек қаржылық құжат емес, ол қаланың даму жоспары мен халық алдындағы нақты міндеттемелердің көрінісі, – деді Әбілқайыр Байпақов.


Отырыс қорытындысы бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар беріліп, 2026 жылға арналған бюджет жобасын одан әрі пысықтау жұмыстары жалғасатын болды.

258
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!