Жаңаөзенде ұлттық киім киген садақшылар Құрылтай сайлауына қатысты
Жаңаөзен қаласында Құрылтай сайлауына ұлттық киім киіп, қолдарына дәстүрлі садақ ұстаған садақшылар келіп, көпшіліктің назарын аударды. Ұлттық спорт өкілдері сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Садақшылардың ұлттық нақыштағы ерекше бейнесі сайлау барысына өзіндік реңк беріп, тұрғындардың қызығушылығын тудырды. Бұл көрініс азаматтық белсенділік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің үйлесімін көрсетті.
- Біз үшін бүгінгі күн екі түрлі маңызға ие. Біріншіден, азамат ретінде өз таңдауымызды жасап, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғаға қатысып отырмыз. Екіншіден, ұлттық киім киіп, дәстүрлі «бес қарудың» бірін ұстап келу арқылы ұлттық спорт түрлерін насихаттауға үлес қостық. Ұлттық құндылықтарымызды сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз. Ал ел болашағына қатысты таңдауға қатысу – азаматтық жауапкершілігіміз. Садақ ату – халқымыздың тарихымен сабақтасқан өнер. Біз осы дәстүрді кейінгі ұрпаққа жеткізуге тырысамыз. Бүгін сайлауға ұлттық болмысымызды айшықтайтын киіммен келгеніміз де – осы құндылықтарға деген құрметіміздің белгісі, – деді садақшылардың бірі.
44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев