Otpan News Logo

Ақтауда егіз ағайындылардың отбасы Құрылтай сайлауында дауыс берді

|
23.08.2026 09:04
Ақтауда егіз ағайындылардың отбасы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Ақтау қаласындағы №66 сайлау учаскесінде егіз ағайындылар - Төребек және Жолдасбек Төлепбергенұлдарының отбасылары Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады.


Төребек Төлепбергенұлы жұбайы Асыл Биназаровамен бірге сайлауға қатысып, азаматтық таңдауын жасады. Оның айтуынша, отбасымен бірге сайлау учаскесіне келу – ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлесін қосудың бір жолы.


– Біз үшін отбасымызбен бірге осындай маңызды саяси науқанға қатысу ерекше мәнге ие. Әр азамат ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдіруі керек, – деді Төребек Төлепбергенұлы.

Ал Асыл Биназарова сайлауға қатысу әр азамат үшін маңызды екенін атап өтті.


– Сайлау – өз таңдауымызды білдіруге мүмкіндік беретін маңызды күн. Сондықтан отбасымызбен бірге келіп, өз дауысымызды беруді азаматтық міндетіміз деп білдік, – деді Асыл Биназарова.
49
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!