Маңғыстауда Құрылтай депутаттарын сайлау учаскелері ашылды
Бүгін, 23 тамызда, Маңғыстау облысында сайлау учаскелері ашылды. Өңір тұрғындары Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуда.
Дауыс беру сағат 7:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады. Өңірде сайлауды өткізу үшін 267 сайлау учаскесі дайындалды.
Сайлаушылар тізіміне 457 775 азамат енгізілген. Барлық учаскелерде тұрғындардың сайлауға қолайлы жағдайда қатысуы үшін, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға да қажетті жағдай жасалған.
Сайлау учаскелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өңір тұрғындары өз таңдауын жасап, Құрылтайдың жаңа құрамын қалыптастыруға қатысу үшін учаскелерге келуде.
42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев